Қияметқайым

На модерации Отложенный

БІРІНШІ БӨЛІМ.
ҚИЯМЕТҚАЙЫМ – НАДАНДЫҚТЫҢ ШЫРМАУЫ

 

1. ӨМІРГЕ ТОЙМАУ НЕМЕСЕ АҚШАНЫҢ ҚҰЛДЫҒЫНА КІРУ

 

Адам анасының жатырынан шығып бұ дүниеге су қараңғы болып келеді. Өмірге оның көзі бірте-бірте, өсе келе ғана ашылады. Біреулердікі тез, біреулердікі баяу. Сонда біреулер алғыр, озат, үздік болса, біреулер олардың қарама-қарсылығы болып, кертатрпа, қырсық, қыршаңқы болып келеді. Бұл қаратүнекке оранған дүниеге әр адамның көзін ашу – қазіргі ерекше тарихи кезеңнің ең басқы мақсаты. Өмірді тану – қоршаған дүниені көріп сезіну емес, оның тереңде жатқан түбіне үңіліп, дүниені бүтіндей көру. Сонда біз алдымен осы дүниені бір бүтін қылып ұстап тұрған ғаламат күшті көреміз. Біздің өміріміздің түбінде, негізінде не жатыр – соны көреміз. Сонда ғана біз тіршіліктің теріскей жағынан күңкей жағына өтіп, өмірді басқа деңгейден көре бастаймыз. Өмірге көз ашылған деген міне осы жерден басталады.

Әйелге тоймаған еркек өзінің әйелдің құлы екенін аңғармайды, соқыр сезімнің жетегінде жүре береді. Күндердің-күнінде оның көзі ашылады. Сонда ол әйелге де басқаша қарай бастайы. Дүниенің құлы болып тұрған адам да өзінің жағдайын өзі біле бермейді. Дүниеге тойдым, араққа тойдым, әйелге тойдым деген адамды көрдіңіз бе? Мен әлі көрмеппін, естімеппін. Нені сүйеміз, біз үшін өмір сол. Сол үшін біз өмірімізді сарп етеміз, жанымызды да қиямыз. Ақша біздің түптамырымызды құрап тұрған өміріміздің қоғамдық негізі. Сондықтан ақшаға деген құштарлық – біздің ғұмырымыздағы теңдесі жоқ ең үлкен сезім. Ол бізден тыс тұратын, бірақ біздің жандүниемізде тіршілік ететін, ғаламат күш. Оның бір ерекшелігі мынада. Ол біздің ішімізде ұялайтын қоғам күші, яғни әлеуметтік, саяси-экономикалық күш. Бізді қоғам адамы етіп қалыптастырған ақша.

Ақша – бір жағынан, біздің өмірдегі ең қарапайым түсінік, ал екінші жағынан – әлі ғылыми тұрғыдан қаралмаған ең қиын ұғым. Осының өзі біздің қаншалықты надан екеніміздің бұлжытпас белгісі. Ал мен мұны осы кітапта анық көрсетіп, дәлелдеуге тырысам. Ақшаны бес жастағы баладан бастап селкілдеген шалға шейін жақсы көреді. Ақшаға деген кұштарлық бүгінгі күні бүкіл әлемді жайлаған. Сонымен қатар ақшада бізге беймәлім, әлі ашылмаған терең сыр жатыр. Мына кітап осы ақша жайында.

Бірақ шошыманыз, басынан ашып айтайын, ақша мені өз бетінше қызықтырмайды. Менің алып қарап отырғаным – адамның бет-әлпетіне айналған ақша немесе ақшаға айналған адам және адамның осы кейіптегі тағдыры – бұгіні, ертеңі т. с. с. Демек менің алып қарап отырғаным – ақындар мен жазушылардың қиялындағы немесе философтардың санасындағы емес, шынайы адам, шынайы адам өмірі. Бәріміз де адам болғаннан кейін, бұл, қаласаңыз да, қаламасаңыз да, жалпыға ортақ тақырып, және оның үстіне мен адамды, оның өмірін осы ақша арқылы мүлдем жаңа жағынан алып қарадым. Менің көзқарасым сондықтан осы уақытқа шейінгі қалыптасқан таным жолдарына сәйкес келмейді. Сондыктан ғалымдар мен философтар мені менсінбейді. Мен олардың ойлау денгейіне әлі «жетпеген» адаммын. Мен «ғалым» болам деп талай рет «диссертация» жаздым, бірақ оның біреуі де өткен жоқ. Онан кейін мен «ғалым» болам деген ойдан біражола бас тартып, жер бетінде қарапайым адам болып тіршілік ете берейін деген тоқтаммен келістім. Ал қарапайым адамдар біздің билікті қызықтырмайды. Сондықтан мен өз күшіне ғана сенген қатардағы адамдардың бірі болып тіршілік етіп жүрмін.

Ақшаға арналған зерттеулер көп, ақша туралы айтылған әнгімелер де жеткілікті. Бірақ олар мені қызықтырған жоқ. Мен үшін ақша – күнделікті өмір, адамдар және елдер арасындағы олардың қарапайым қарым-қатынастары. Ақша қазір адамдарды да, бүкіл әлемді де бір тұтас етіп біріктіріп тұрған үлкен күш. Сонымен қатар адамдарды да, бүкіл әлемді де қозғалысқа келтіріп тұрған ақша. Біздің заманымызға қарасты ақшаны арнайы алып қараған, оның қызметін ашып, адам тұрғысынан манызын, мән-жайін, ролін көрсететін зерттеулер жоқ. Оның тарихи дамыған жолдарын айтпай-ақ қояын. Оның тарихи дамыған жолдарын алғаш рет коғам тұрғысынан алып қараған К. Маркстың пайымдары біздің заманның қимылын көрсетпейді. Маркс үшін ақша қогамды қозғайтын экономикалық категория болған. Ол өндіріс қатынасы ретінде алынған. Ал мен алып қарап отырған ақша, адамның бетәлпетіне айналған ақша. Өкінішке орай, заманның түбегейлі өгерістеріне қарамай, сол ақша әлі уаққа шейін жаңа заманның тұрғысынан әлі қарастырылған жоқ. Ақша, солай болса да, әлі күнге шейін, баз қалпында қаралынып, «капитал» болып, коғамды сипаттайтын түсінік болып келеді, ал адамның күнделікті өмірімен, қылығымен, мақсатымен байланыстырылмайды. Елдің көбісі біздің өмірдің неге ақшаға айналғанын ойлап та жатпайды, ол өз ағымымен жүретін үйреншікті өмір ғана болып келеді. Біздің өмірдің шешімі неге келіп тіреліп тұр деген сұрақ қойсақ, оған мен былай деп жауап берем: нарық заманында адамзатты толығымен жайлаған надандыққа. Бұл басынан ашылып айтылатын қағида екенін білгеніміз жөн. Және сонымен қатар, сонда адамдардың өмірге көзін ашатын «сана» деген не деген сұраққа мен осы кітаптың барысында толығымен жауап берем.

Бүгін дағдарыс күшейуде. Оның салдары көптеген адамдардың өміріне үрей туғызуда, көптеген адамдардың өміріне қауып төнгізуде. Дағдарыс кезінде біреулер ақшаларынан айырылып қапа болса, енді біреулер жан бағып жүрген жұмыстарынан айырылып, күн көруі қиындағаннан қапаланады. Ал ақшасы көп, өздеріне өздері сенімділер, бізді дагдарыс айналып өтеді деп сенеді. Бұл жерде әңгіменің бәрі ақша төңірегінде ғана болады. Бұл жерде бар елдің арманы да, өлені де ақшаға айналган. Дәл осылай бола тұрса да, адамның санасының қаншалықты құлдырағанын және қаншалықты ақшаның оның санасын мықтап байлағанын біз кейінгі 20-25 жыл аралығында ғана көреміз. Осы кезеңде адам шынында да адам бола тұра нағыз көзсіз, соқыр жанға айналған. Екіншіден, адам өз өзінің осы ақшаның күшімен қаншалықты құсызданғанын әлікүнге түсінбей, дүниенің құнсыздануын аңдуда, өз өзін көрмей, сыртқы дүниемен алысып әлек болуда.

Олай болса осы дәл қазір бұкіл адамзатты зар илетіп, тығырыққа алып келіп тығып жатқан ақша жайында әнгіме қозғайық. Әрине, бұл жерде мен үлкен кітапта орысша келтірілген ойлардың, мүмкін, түйінін ғана келтірермін. Мүмкін оны да келтіре алмаспын. Бірақ қалай болған күнде де оның қысқаша мазмұнын келтіруге бел байладым.

Мұхаммед Пайғамбар өмірінің соңғы сағатында сүйікті қызы Фатима, күйеу баласы Али мен үлкен әйелі Айшамен көз жұмар алдында арнайы қоштасуға оңашада қалған екен. Олардың көздерінен аққан ағыл-тегіл жасты көріп, Пайғамбардың да көзінен сол сәтте жас парлапты. Мұны ешқашан көрмеген Фатима, көңіліне алғаш рет секем алып, «Әке, неге жыладың» деп, олардың о дүниеде қияметте кездесетінін айтыпты.Сонда Фатима әкесінен: О дүниеде мен сізді қай жерде кездестірем?– деп сұрапты. Пайғамбар сонда «мен үлкен фонтанның қасында тұрам» депті. «Ал егер ол жерден таппасам?» дегенде, «онда мені өз мұсылман қауымдастарымның ішінен табасың» деген екен.

Бұл әр адамның өміріндегі бүгін бе жоқ ертең бе келетін соңғы сәттегі жұбанышы. Біз өмірді күнде қайтадан бастайды екеміз. «Таң атсын» деп, жақсылықты ертеңгі күннен күтеміз, ертеңіне ұйкыдан оянғанда біз күнде өмірге жаңадан келіп, ұйқтар алдында ертеңгі күнге үміт артамыз. Ұйкыға кеткенде біз бұ дүниені бір сәтке ұмытып, күнделікті өмірден дем аламыз. Дін мұны о дүниеге барған бір сәт деп, түбінде сол сәттің маңгілік ұйқыға айналатынын айтады. Бұл біздің күнде ұйқыдан оянғанда ашылатын күнделікті өміріміз – біздің тіршілігіміз. Міне біздің осы тіршілігіміз бүтіндей, адамның туғанынан басталып, оның ең соңғы сәтіне шейін бүгіңгі таңда ақшаға айналған. Ақша дегенде мен белгілі бір теорияларды алып қарап отырғамын жоқ, біреулермен таласып та отырғамын жоқ, ол бізге ғана (әр адамға) қатысты күнделікті өмір гана. Менің мақсатым, осы өмірдің ішін сыртқа айналдырып ашып, әркімнің санасынан тыс жатқан ақшаның ар жағындағы жасырын өмірді көрсету. Бұл мамандарға немесе арнайы білімі бар адамдарға ғана арналған еңбек емес, әркімге қаратай жазылган ой-толғау. Демек бұл әркімнің де ой-толғауы. 2008 жылы мен осы кітаптың алғашқы түрін «Адамзат қайда барады: тозаққа ма алде жұмаққа ма?» деген атпен шығарғанда, оны алдымен қарапайым адамдар қызығып окыған. Бірақ осы уақытка шейін менімен ешкім пікір таластырған жоқ. Сондықтан менің ойларыммен келісетіндер келіседі, келіспейтіндер келіспейді. Менің жазып отырған жұмысым осы себептен ешқандай да қатаң ғылыми зерттеу емес, эссе түрінде жазылган философиялық публицистика. Оның үстіне мен философиялық терминдерді қолданғамын жоқ. Неге десеніз, менің ғылымға деген де көзқарасым мүлдем басқа деңгейде. Бұрынғы қоғам өмірімен ғана айналысқан, қазіргі ғылым, бойына адамзаттың дамуының бүкіл байлығын жинақтап сіңірген, адам өміріне әлі жеткен жоқ. Демек бұл ғылыми танымда адамды танитын ұғымдар да әлі қалыптаспаған. Қазіргі кезеңдегі қалыптасқан ғылымды, қоғам көзқарасын мен ғылыми көзқарас деп айта алмаймын.

Ақша, жоғарыда айтқандай, осы уақытқа шейін экономикалық тұрғыдан алып қаралынады, яғни өндіріс тұрғысынан, капиталмен теңестіріледі. Ал бізде өндіріс бар ма жоқ па, бар болса ол неге жұмыс істемейді, біз неге шетел капиталының негізінде отырмыз - онда ешкімнің шатағы жоқ. Ал қазіргі ғылым қиялданбауы үшін осы қоғамға тән құбылыстардың бәрін адаммен байланыстыруы керек. Сөйтіп барып қоғам өмірінен туатын адам өмірін ашуы керек. Мен сондықтан оларды адаммен ғана байланыстырып алып қарадым. Адамның кешегі күні, бүгіні және ертеңі – осыны ақшамен алып қарасақ, біз өмірге оның мүлде басқа жағынан кіреміз. Сонда біз қоғам тұрғысынан алып қаралынатын ақша мен адамдар қолындағы ақшаның айырмашылығын білеміз. Адамның санасы мен ақшаның арасында үлкен байланыс бар екенін көреміз. Және сонымен қатар қоғам тұрғысынан алынған еңбек пен адам тұрғысынан алынған еңбекті танып, бүгінгі күн мен кешегі күндердің айырмашылығын біліміз.

Саналы өмір мен санасыз өмір табиғатың тіршілігіне немесе адамдарға ғана тән өмір емес, қоғамға да әбден тән. Оны ашып ұгыну оңай емес. Немістің ұлы философы Гегель қоғам санасын мемлекетпен теңестіріп, адамзаттың тек қана мемлекет арқылы ғана саналы түрде дамитынын айтқан. Адамның дүниетанымы саналы өмірге ұмтылған. Оның ішінде ертеңгі күнді біліп, соған саналы түрде жүру, бұл адамдарға ғана тән қасиет. Ертеңгі күнін білмеген, ертеңгі күнге сенбеген адам өмірден түніліп, өмір үшін күресуден бас тартады. Қоғам да дәл осы сияқты. Ертеңгі күні болмаса, ол да ыдырауға ұшыраған, бүгін-ертеңі таусылған қоғам болады. Бүгінгі күнмен ғана өмір сүру, тек жан сактау, осындай қоғамга ғана тән болып келеді. Ал біздің қазіргі жағдайымызды бізге белгілі ұғымдармен басқаша сипаттауға болмайды. Ал егер ақша тұрғысынан келетін болсақ, онда біз өмірдің бізге белгісіз жаңа жағын ашып, ондағы адамның жаңа орнын табамыз және адам мен ақша арасындағы байланыстарды көріп, солар аркылы адамның, адамзаттың болашағына көз жүгірте аламыз. Сонда барып біз біздің алдымызда таудай болып, көсе көлденең жатқан, үлкен бәлені көреміз.

Нендей сұмдықтың бізді буындырып, түншықтырып жатқанын анық аңғарамыз. Және одан шығудың тиімді жолдарын да байқаймыз.

Біз өмірдің өзгеретін жолдарын өмірді таным арқылы түсініп барып қана білеміз. Бұрынғы заман қараңғылыққа негізделген. Надандықта өмірдің барысын саналы өзгерту әркімнің ойына келе бермеген. Ал оны өзгерту керек деген ой біздің заманға ғана тән ағым, ол да өз өзінен аспаннан салбырап түспейді, өмірдің бір формасының тозығы жетуінен ғана білінеді. Адам осы уаққа шейін бар байлықтың иесі болып есептеледі. Жер мен көк, құлазыған далалар мен көк майса,тау-тастар мен теңіздер – осының бәрінің иесі менмін дейді. Бұл өмірде біреулер бар байлыққа ие болып, әлемде билігін жүргізу үшін, екінші біреулер маңдай терін ағызып еңбек еткен. Капитализмнің, оның тепетеңдігін ұстап тұрған осы ерекшелігінің ыдырағанын мен басында ескертіп айтқам. Адам ие болып, дүниені иемденіп дамитын кезеңі тарихи таусылған. Жер-әлемнәң иесі оны жаратқан жалғыз Аллаға ғана жарасады. Ал адам енді бұдан былай қаратай өзін өзі танып, өзіне ие болуы керек. Міне бұл алда жатқан, бізге беймәлім тарихтың жаңа кезеңі. Бізге есік осыған айқара ашылып тұр.

Біздің республика тәуелсіз мемлекет ретінде адамдық тұрғыдан қарағанда аз уакыт өмір сүріп отырған жоқ. Бұл күндері уақытпен санасу жахандық, әлеуметтік құрылым тұрғысынан есептелмейтінін ескере кеткеніміз дұрыс, оның себебі әлеуметтік кұрылым кұлдырау барысында. Екінші жағынан дағдарыс үрдістері осы қоғамдық құрлымның құлдырауының натижесі. Құлдырауды тоқтатамыз деген ой, менімше, тек ақ ниет қана. Мәселе оны тоқтатқанда емес, оның түбінде, арғы жағында не жатқанында, ягни ол неге құлдырайды деген сұрақта. Ал ол осы уақытқа шейін ешкімге белгісіз нәрсе. Біздің осы уақытқа шейінгі бар білетініміз мынау – «дағдарыс», «тоқырау», «тығырық» тағы сол сияқты ұғымдар. Ал олардың қандай мазмұны бар – ол қаратүнекке оралған көр сияқты, бізді толығымен жайлаған белгісіздік. Сондықтан олардың ешқайсысы осы уақытқа шейін біздің өмірдің мәнін ашып, оның мазмұнды дамуын көрсеткен емес. Ал белгісіздікті біздің құдай берген санамыз немен толтыратыны ежелгі заманнан-ақ белгілі – қиялдаумен.

Біз қазір «концепция» деген түсінікті қолданғанды жаңа-жаңа үйреніп жатырмыз. Бірақ ол бізде жоқ. Менің кітабім – соны жасаудың алғашкы қадамы. Сондықтан менімен «концепция» дегеннің не екенін түсінбейтіндер ғана келіспеуі мүмкін.

Осы айтылған оқиғалардың бәрі әлемде де жүріп жатыр. Қалай болған күнде де дағдарыс деп түсініп, мен айтқан «концепция» (әлем қоғалысын бұтін күйінде алып қарау) болмағаннан кейін, кұлдыраудың негізінде барлығы да күйзелуде. Әлемдік қозғалыста бір нәрсенің екіші жағы болмауы мүмкін емес. Өмір бар жерде өлім де бар, жамандық та жақсылықсыз болмайды, сұлулық ұсқынсыздықсыз, ыстық суықсыз. Бұлар бір бірімен күресіп орын алмасу арқылы ғана дамитын қарама-қарсылықтар. Сол сияқты әлемде құлдырау пайда болса, оның дамитын қарама-қарсылығы болмауы мұмкін емес. Сондыктан өмірлік жағдайды жақсартуға әкелетін түбегейлі өзгерістерді миллиондаған және миллиондаған адамдар дагдарыс тойтарылады деп санасыз күтуде. Сондықтан алда не күтіп тұрғанын әлі ешкім білмеуде. Мұның барлығы тек қана бір Алланың қолындағы іс болып қана танылуы – әлеуметтік сананың тығырыққа келіп тірелуінде. Міне, осы жерде ғана біздің бұрынғы ғылыми санамыз қандай күйде екенін айыра аламыз. Демек адамдардың бүгіні мен ертеңгі күнін өздері емес, олардан тыс күш қана басқарып жатыр. Мұны біз былай деп тұсінсек еш қателеспейміз: біз көзімізді ақшаға мықтап байлатып, осы сұрымызбен нағыз су қараңғы, белгісіздік заманына кіргенбіз. Енді мұның не екенін өзіміз де түсінбей, дағдарып отырған түріміз бар.

Ал бұл белгісіздік пен жоқшылық жайлаған жағдайда «коғамымыз әлі көркейеді, барлық адамдардың да тұрмысы бірте-бірте жөнделеді» деген қағида бұл жерде өзін өзі ақтамай, жоққа шығып қана коймай, керісінше жүріп жатады. Елдер күйзеліс кезінде «жарқын болашақты» күтіп емес, «күйзелістен кұтылсақ» деген арманмен ғана өмір сүреді. Олар осы үшін ғана жанын салып күреседі. Яғни жер бетінде жандарын сақтап қалу ү шін ғана.

Оның үстіне, қазіргі кезеңде мәселе тек тұрмыста ғана болып тұрған жоқ. Өйткені күйзелістің өзі көбінесе тұрмысқа немесе жоқшылыққа емес, адамдар арасындағы қарым-қатынастардың қайшылығының шиеленісінен де болып жатқан жай. Бұл да біздің әр нәрсенің бір жағын ғана көріп, екінші жағын көрмеуіміздің салдары. Онда ауқатты, тұрмысы мықты байлар неге жылап, өмірмен наразы болады?

Қазір көп адамдар бытыраудың әсерімен жалғыздыққа ұрынған. Совет үкіметінен басталып, кұлдыраудың салдарынан туған бытырау процесстері өз бетінше объективті ағым болып қалыптасқан. Ал бұл бытырау процессі әркімді дараландырып, біреулерді жокшылыққа ұрындырып, қайыршыға айналдырса, екінші біреулерді байытып, ақшаға ие болған мырзаларға айналдыруда. Ал бұл әлеуметтік жағдай адамды тікелей жоюға багытталған соқыр ағым екенін әлі күнге елдердің мойындағылары келмейді. Тарихи даму және өркендеу процесстері тек қана адамдардың бастарынан біртұтас қоғамдық күштерді құрағанда ғана жұрген, сол бытыраған кездерде күштер де ыдыраған.

Сондықтан, егер өмірге тереңірек үнілетін болсақ, онда біз жағдайдың нашарлауының адамдардың өздеріне байланысты себептерінде жатқанын да байқаймыз. Қазіргі тоқырау кезіндегі көп адамдардың іс-әрекеттерінің өзгеруі, олардың арасындағы араздықтың өсуі, қоғам мен адам арасындағы наразылықтың дамуы – осының бәрі ойландыратын жайлар.

Мұның бәрі белгілі бір қоғамдық жүйенің ыдырауын және соған байланысты адамдар арасындағы бұрыннан қалыптасқан ынтымақтық қарым-қатынастардың, ауыз бірліктің, туыстық қарым-қатынастардың бірте-бірте бұзылуын, іруін көрсетіп тұр.

Кенестік қоғамдағы жүзеге асырылған қайта құрулар мінсіз коммунизм тұрғысынан жүргізілді. Бұл көзқарас бойынша болашақта барлық адамдар рахат өмір сүреді деп есептелінген. Ал мұндағы «рахат» өмірдің негізінде қоғамның еңбек арқылы бөлінген байлығы және соған сәйкес ар адамның өз енбегінің негізінде еркін ішіп-жеуі жатқан. Осынын барін жасайтын коғам болғаннан кейін, бұл тұрғыда қоғамның мүддесі, мақсаты, идеялары бірінші кезекте тұрған, ал адамдар оларға бағынып, соларға лайықты іс-әрекет жасаған. Ал бұл сол кезде, коғам даму үстінде болып, адамдарға қамқорлық көрсетіп отырғанда мүмкін болды. Бұл жердегі адамдар арасындағы қарым-қатынастардың бұзылуына мән бермеген. Қоғамның дамуының өзі қоғамдық қарым-қатынастарға ғана негізделген болатын. Ал казіргі кезде барлығы да түбірінен өзгерді.

Бұл жердегі менің айтайын деген ойым, адамдарға бет бұрып, оларға қомқорлық жасап отырған қоғам ғана жан сақтап қалады деген сөздің астары басқада, ягни экономикалық катынастардан бөлек, адамдарға және солардың қарым-қатынастарына көніл бөлген жөн дегенде. Адам мен коғам арасында қандай байланыс бар – соны анықтап ашу керек. Өмірдің бұл жағы қазір бүкіл әлемде алға шығып, «адамдар арасындағы қайшылықтар» деген атпен шиеленісуде.

Социализм кезіндегі «әділетті қоғам» болашақта қалыптасатын қоғам болған. Бұл жерде адамдар қоғамға икемделген, когаммен бірге жүрген. Адамдардың ұйымдасқан енбегі арқылы молшылыққа жеткен қогам әр адамга рахат өмір сүретін жағдай жасайды делінген. Ал шындығында социализмнің қайшылығы адамдар арасындағы қайшылықтың шиеленісіуінен басталып, тойымсыздықтың үстемдігіне алып келген. Ал «тойымсыздық» қоғамды суреттейтін ұғым емес, адамдардың ғана талабы болып келеді. Ал біздін қоғам қазір осы негізде отыр. Сондықтан басқаша болған жағдайда, яғни адамдарды және солардың өзара байланыстарын ескермеген жағдайда, қоғам (жайлап жоқ тездеп пе) адамдар арасындағы туған араздықтан және мемлекет мен азаматтардың арасында дамыған наразылықтан, бірте бірте құрдымга кетеді. Бұл жерде шынында да тура ақырзаманға баратын жол жатыр. Мұны барша адам санасымен түсінбесе де, жұрегімен сезінеді. Мұның түпкілікті себептерін біз кейініректе білеміз.

Қазіргі бізде айтылып жүрген қоғам мен адам арасындағы наразылық мемлекет пен азаматтардың арасындағы наразылықты да көрсетеді. Бұл жағдай бұрынғы таптар арасындағы қайшылықтардың жойылып, осындай жаңа түрге енгенін ғана білдіреді. Ал бұл қазіргі кезеңде өмірге қауіп төндіріп, қоғамды ыдыратып, ірітетін қайшылықтардың қоғам тұрғысынан байқалмайтын жасырын түрі. Ол басынан адамдарға ғана тән болып көрінеді де, әлеуметтік немесе саяси салаларға қатысы жоқ болып тұрады. Ал біздің осы, яғни қоғам жағын ғана алып қарап үйренген санамыз, бұл қайшылықтарға мән бермейді. Бұл жерде экономикалық сананы ауыстыратын адамдық сана тууы керек