Бұл сол кітаптың алғы сөзі
На модерации
Отложенный
АЛҒЫ СӨЗ
Күні біткен ескі қоғам боздап өлсе,
айы толған жаңа қоғам шырылдап туады
Құрметті оқырман, шыдамыңыз жетіп осы кітапты аяғына шейін зейін салып, ықыласпен оқып шықсаңыз, онда осының шындық екеніне көзіңіз толық жететін болады. Бұл кітап сізге нұр жаудырып, өмірге көзіңізді шайдай ашады. Іске сәт, құрметті оқырман! Сіздің алдыңызда жатқан кітап жәй кітап емес, Алла берген өмірді толығымен қамтыған бүтіндей ілім. Бұл кітапқа берілген атты мен «Болашақтың толғағы» десем бе ойлап едім, бірақ менің оны өзгертіп, «Болашақтан келген адамның ой-толғауы» дегедім. Бұл бекер емес. Болашақ нағыз ой тоғағында туады. Әйел затына тән табиғи толғақтан ой, жан толғағының айырмашылығы сол, бұл жарық дүниеге ол жаңа сана алып келеді. Егер әйел босанғанда дүниеге оның жанын қинап, көзінен жасын парлатып жаңа адам алып келетінін біз алдын ала білсек, ой толғағында біз әлі ешнәрсе де білмейміз. Өйткені жандүниенің, ойлаудың толғағынан туатын жаңа сана зерттелмегенінен беймәлім сала. Тоқ болса да неге адам аш болады, бар болса да неге жоқ дейді, көргенін көрмедім дейді, ал ақты қара дейді, жарқыраған жарық дүниені неге қараңғы дейді? Адамның жарық дүниеге келгенінің өзі бақыт емес пе? Неге адам сұрланып екіжүзденді, ал қоғамның пейілі тарылып, байыған сайын адамдар бұ дүниеден о дүниеге өз қалауларымен-ақ қаша бастады?
Міне, тарихтың осы уақыт аралығында әлем талай рет дүр сілкініп, заман ақыр да айқындала бастапты. Бұл сезім барлық адамдардың жандүниесінде, ойында пайда болған. Бұл адамдардың көкейінде қазір бұрын-соңды болмаған қорқыныш, үрей туғызып, елдердің бәрін елеңдетуде. Бір заман өліп екінші заман туғанда, қай уақытта болса да елдердің санасы тұңғиыққа келіп тірелген. Өйткені ауысу, алмасу процесстері адамдарды шатастырған. Ескі заман айтып кетпейді, жаңа заман күліп келмейді. Мұндай жағдай баи бастаған кеңес үкіметінде-ақ туып, көп елдің санасын ақырзаман қамти бастаған. Ұлы Пайғамбарымыз Мұхаммет ежелгі заманда өзінің заманының ағымын болжауларында былай деген. Менен кейін көп адамдар байлыққа құнығады. Адамдардың санасын ақшаға деген құштарлық қамтиды. Баю адамдарға үрей туғызғады. Міне қияметтің жақындағанын осыдан білетін боласыңдар. Өйткені бұл жерде өмір үшін емес, байлық үшін талас жүреді.
Біздің санамыздың бір қасиеті мынада. Әр нәрсені біз басталғанда емес, аяқталғанда ғана білеміз. Сол сияқты байлықтың қасиетін бай болып тұрғанда емес, қайтадан кедейленгенде ғана түсіне бастаймыз. Ал өмірдің қаншалықты қымбат екенін ажал жақындағанда ғана ұғынамыз. Мен тура осы өтпелі кезеңде туып, ес білгелі бері осы кезеңнің мәселелерімен өз бетімше айналысқан Алланың пендесімін. Ол кезде кеңес үкімітінің құлайтыны ешкімнің түсіне де кірген жоқ болатын. Сондықтан менің ондай болжамым ешкімге ұнаған жоқ. Кейін, ңарыққа өтетін кезде, нарықты да бірінші болып болжаған мен болғам. Ол да ешкімге ұнамады. Сонда марқұм академик Қ. Шүлембаев кеудесін ұстаған. Бір дүние аяқ астынан қирап, екінші дүние ойламаған жерден ышқына босанып жатқанда, менің "Қазіргі заман болашақ көзімен" деген кітабым академик Қ. Шүлембаевтың ғылыми редакциясымен шыққан. Бұл сол кезде жарқ етіп жанып сөнген жұлдыз сяқты болған.
Мен қазіргі заманды түсіну үшін, өмір бойы адамзаттының болашағын іздеп, осы тақырыпқа өзімді өзім сарп еткен адаммын. Отыз жыл бойы осы тақырыпта ізденіп, мен өз бетімше талмай көп еңбек еттім. Бұл тақырыпқа зерттеулерімді бастаған кезде мен әлі жап-жас жігіт болатынмын, отыздан жаңадан ғана асқан кезім, өмірге деген сенімім де, талабым да мол шақ. Ал менің осы ізденістерімнің өмір бойына созылып, қай уақытта болса да мені тұнғиыққа әкеліп тіреп тұратынын мен ойламаппын. Көп жылдар бойы мен жұмыссыз да болдым, көп жылдар бойы тіршілік үшін күрестім де, бірақ өз бетімше жүргізген зерттеулерімді ешқашан тоқтатқан емеспін. Бұл жағынан мен өз от басыма, балаларыма және өте-мөте олардың анасы Нұрсулуға борыштымын.
Дүниенің ұшы-қиыры жоқ түпсіз екенін біз оны танып барып қана білеміз. Дүниеге деген көзқарас әркімге де қалыптасады, бірақ оның бәрі дүниетанымға жатпайды. Дүниенің түпсіздігін біз оның бір жағын ашқанда ғана білеміз. Біреулер өмірге математикалық, физикалық, биологиялық тұрғыдан кіріп, табигаттың зандарын ашады, ал енді біреулер адебиет, өнер, философия жагынан келіп, қоғам, адам өмірін таниды, біреулер саясатты игереді. Осы жерде әр саланың өзі түпсіз болады. Біреулер оны жаратқан Алла деп, өздерін Құдайдың құлымыз деп есептеп, әрқашан Жаратқанға бас ұрады. Дүниетаным деп, біз бөлшектенген өмірді айтпаймыз. Ол бүтін күйінде алынған әлемдік қозғалыс, бүкіл адамзаттың ғаламдық дамуы. Сол адамзаттың дамуы адамның жаратылуынан, адам өмірінің қ алыптасуынан басталып, түбінде адамдар қоғамына келеді. Мен де сол сияқты жас кезімде адамның өмірін, адамдар арасындағы байланыс, қарым-қатынастарын ашып, соның болашағын өзімнің болашағым деп түсініп, барша адамның болашағын ойлап өмір сүрдім. Осы өзім ашқан адам тұргысынан мен бүкіл өмірдің өткен шағын, қазіргі кезеңін және болашағын алып карап, олардың арасындағы бір бірімен байланыстарын іздедім. Осы арқылы адамзаттың қайда бара жатқанын қатты білгім келді. Осыдан біраз жылдар бұрын, өткен ғасырдың аяқ кезіне таман, Қазакстан халқына танымал ақын, маркұм Есенқұл Жақыпбеков өзінің сол жылдары шығарған, «Біздің ауылдың жігіттері» деген кітабында сол кезде сол ауылда тұрған мен туралы былай деп жазыпты:
Ала да туар биеден
Құла да туар биеден
Күзеткен колхоз қорасын
Жұмыссыз ғалым Жарасым
Бос бөшкенің ішінде
Жататұғұн «Диоген».
«Болашақтың» жайттарын
Жарастай ешкім айтпадың
Десе де талай «тайт, галым»
Айтқаныңнан қайтпадың,
Арада он жыл өткен соң
Айдай келді-ау айтқаның.
Социализм үшін және қазіргі Батыс жүйесінің тұрғысынан болашақ өмір қоғамның кен-молынан байып, әр адамның молшылыққа кенелуі болған. Бірақ өмірдің шындығы осының бәрін керісінше жасап, адамзатты ол дәл байыған кезде тығырыққа алып келіп тіреді. Енді міне елдерді қорқыныш, үрей билеп, сенімсіздік орын алған. Бұл жерде мені ешкандай атақ та, ғылыми дәреже де, мансап та қызықтырған жоқ, тек қана өмірді адам тұрғысынан адам өмірі деп түсіну деген құштарлық қана. Әлі де мен осы құштарлықтың құлымын. Менің бар арманым – осы өмірдің даму заңдылығын түсініп, барша адамнын бақытына жол табу.
Капитализмнің капитализм дегенде қарапайым тілмен айтқанда мынандай бір ерекшелігі бар. Біреулер өмір сүру үшін, екінші біреулер жәй тіршілік етіп, жандарын бағып қана, маңдай терін ағызып, аянбай еңбек етулері керек. Бүкіл адамзаттың тарихында бұдан басқа бастама болмаған. Қазіргі ағыл-тегіл кезеңде де бізің көріп отырғанымыз, көпшіліктің осы тіршілік үшін күресі. Капитализмнің жаратылысы жөргекте жатқан кезеңнен осы уақытқа шейін осы. Әлі де ол еш өзгермеген. Капитализмді капитализм қылып ұстап тұратын бұл ерекшелігі оның жойылуымен бірге ғана кетеді. Капитализм жойылуы үшін оны капитализм етіп ұстап тұрған ерекшелігі ғана емес, алдымен оның тепетеңдігі бұзылуы керек. Сонда ғана ол теңселіп, шайқалып-шайқалып барып ыдырайды. Оның ыдырауында бүкіл әлемді қайғы-қасірет басады, ел зарлайды. Міне нағыз толғақ осыдан басталады, әлемде ажалдан басқа жаңа өмірдің бар екенін же көрсетеді. Капитализм туғанда да әлемді дүр сілкіндіріп қанды-жексенде туған
Өмір дегенде біз көбінесе қоғам өмірін және бізді қоршап жатқан сыртқы дүниені айтамыз, оның байлығын айтамыз, соларға байланысты өзіміздің сана-сезімімізді, көніл-күйімізді айтамыз. Байлықты жасау және иемдену мақсат болып келеді. Ал сол байлықты жасайтын қоғам. Ал адамның өз алдына адам болып дамуы, оның жандүниесі осы сыртқы дүниенің алдында, (рухы өз алдына) өмір болып қаралынбайды. Адамның өзін былай қойғанда, өмірдің көркейіп, құлпыруы байлықпен теңестіріліп, дүниеге ие болып, дүниені иемдену арқылы бейнеленеді. Байлық барлық өткен тарихи аралықта мақсат болып келеді.Сондықтан байлықта қан жалатқан Алланың қарғысы жатыр. Бұл әр адамның жеке басының игілігі арқылы танылады. Бұл тәртіптің бәрін капитализм қалыптастырып жетілдірді. Бұл капитализмнің анық бейнесі. Міне енді бұл, біздің көз алдымызда, ашықтан ашық ретсіздікке айналуда.
Адамның жеке басының игілігі мен қоғамның мүддесі – екі түрлі түсінік. Бірақ олардың арасындағы қайшылық – мәнгілікке баратын құбылыс емес, тарихи өтпелі кезең. Ол капитализмнің жойылуымен бірге ғана жоғалады. Біз қазір міне осы заман ауысатын өтпелі кезеңнің үстінде тұрмыз. Өйткені капитализмнің тепетеңдігі бұзылып, оның оны капитализм етіп ұстап тұрған ерекшелігі шынында да біздің көз алдымызда жойылу барысында. Біз қазір әлемде ешқандай капитализмді көріп тұрғамыз жоқ. Және сонымен қатар өмірдің гүлденуінде. Өмірдің қозғалысының жылдамдауы, ондағы өзгерістердің көбейіп, даму процесінің бізге үйреншікті қоғам тұрғысынан емес, адамның көзқарасынан жүруі – осының дәлелі. Кейінгі кезеңдегі социализмнің күйреуі мен бүкіл әлемнің шайқалуы осы әлемнің жаңа бағытын туғызып, күтпеген жағдайларды туындады, сөйтіп бұрынғы өмірді біз ойламаған және әлі танылмаған жаңа бағытқа бұрды. Енді адамның дамуына негізделген қоғам қайда барады деген сұрақтар тууда? Бұл әлі танылмаған, мүлдем белгісіз қоғамның барысы болған соң, бұл беймәлім тарихтың қозғалысын жан-жақтан талқылап жоритындар да, болжайтындар да, көріпкелдер де көбейген.
Бұл жаңа бағытты әлі ешкім түсінген жоқ. Сондықтан оған сәйкес түсініктер де әлі қалыптасқан жоқ. Социализмнен нарыққа өтетін кезде туған жастар әлі өз өздерін танып білген де жоқ. Ал социализмде туып қалыптасқандар сол көзқарастан әлі арылған жоқ. Өйткені олар капитализмнің де, социализмнің де, тарихтың да шын мәнін әлі ұққан жоқ. Бірақ олар үшін «қоғам» деген түсінік, олар ретсіздік заманына тап болғаннан кейін, бар мағнасын өз өзінен жойды. Құлдырау заманы олардың санасын лезде теріс айналдырып, олар үшін өткеннің бәрі теріске шығып, ата-бабалардың мұрасы аяқ астынан жоққа шығарылды.
Қоғам деп біз жұмыс істеп тұрған, өзінің тепетеңдігін, қасиетін сақтап, белгілі бір заңдылықтармен дамып тұрған, белгілі бір әлеуметтік, экономикалық немесе саяси жүйені айтамыз. Мұндай жүйенің қазір бізде жоқ екеніне бүкіл әлем куә.
Егер біздің заманды көбінесе саяси жүйе деп бағалайтын болса, онда адам баласының дамуы басқа деңгейде болғаны және бізге белгісіз басқа бағытпен жұргені. Бұл бағыт әлі танылған жоқ. Бұлай деп айтылытын себебі, бұл коғамның капитализм қалыптастырған экономикалық негізі және соған сейкес өмірді қадағалайтын экономикалық және этикалық тәртіптері бұзылған деген сөз. Және сонымен қатар іріген ескі байланыстарды ауыстыратын жаңа, саналы адамдық қарым-қатынастар әлі қалыптасып үлгірмеген. Сонан барып бұл ретсіз коғамды қадағалап тұратын басқы күш мемлекет болып келеді. Мемлекеттің қоғамға қарасты қызметі дағдарыс кезінде өседі. Ал ескі жүйенің жұмысы бұзылса, яғни тепетеңдігі, онда оның өзіне ғана тән ерекшелігі де бұзылады. Сөйтіп бұл аяқ астынан бүлінуге ұшыраған қоғамда ретсіздік туады, ал ретсіздік өзіне тән сана туғызады. Қазір осы қысқа мерзімге ғана туған уақытша сананы тұрақтыға айналдырған. Тіпті кешегі мәңгі болып көрінген кеңес үкіметінде туған сананың қайда және қалай зым-зия болғанын ойлап та жатқан ешкім жоқ. Бұл ретсіздіктің дамуын, ұлғаюын «өз камымен әлек болған мемлекет» басқара алмайды, тек кана амалын тауып аман-сау сақтап түрады. Құлдырауға тән мемлекеттің ролі әлі зерттелген жоқ. Бірақ бара-бара бірте-бірте қадағалаудан қалып, оның бұл жердегі қызметі де, ролі де жағдайдың өзгеруіне байланысты өзгеріп тұрады. Өйткені пайда болған, түбінде біз білмейтін себептер жатқан, ретсіздік, бүліну ағымы күшейіп өсе береді.
Бірақ мемлекет осы көзсіз қозғалысты саналы қозғалысқа айналдыра алатын коғамдағы жалғыз күш. Бұл қозғалыстың барысында мемлекет тарихи дамудағы өзінің ең соңғы орнын тауып, ең соңғы қызметін атқарып, қоғам дамуын саналы түрге ауыстырып өзі де тарихи қозғалыстың алаңынан таып тұрады. Қазір әлемде елдің назары мемлекетке бекер аууда емес. Адамдар өздерінің мемлекетімен не істейді, талқандай мА жоқ талқандап қайта жасайма, бұда тарихтың шатағы жоқ. Қалай болған күнде де, адамзаттың дамуы осыған келіп тіреледі.
Бұл құлдырау кезеңі көпке созыла ма жоқ па, біз оны ашып айта алмаймыз. Бірақ бұл уакытша кезең екенін білуіміз керек. Осы кезеңді аман-сау ұстап тұратын күш мемлекет болған соң, біздің қоғам қазір саяси қоғам деп аталынады. Сондықтан бұл қоғам саяси жүйе болып келеді. Мемлекеттін роліне алда арнайы токталамыз.
Бұл ойламаған жерден, аяқ астынан қалыптасқан тарихтың бізге беймәлім бағыты болған соң, біз бұл өмірді бұрыннан қалыптасқан немесе Батыстан келген түсініктермен ұғына алмаймыз. Біз өзімізді өзгеге қарап емес, өзімізді өзіміз ғана танып біле аламыз. Осы үшін қазір бүкіл әлем елдерді өз алдына қойып, адамды адамнан және дү ниеден ажыратып, ыңғайланып жатыр. Біздің өмірдің сыры да, шешуі де өзімізде ғана жатыр. Неғұрлым тезірек біз өзімізді өзіміз түсінетін болсақ, соғұрлым тез тығырықтан да шығатын боламыз.
Өмірді мен сондыктан екіге бөліп алып қарадым. Біріншісі – қоғам өмірі, ал екіншісі – адам өмірі. Бұл екеуі бір емес, екі түрлі ұғым болғандықтан, олар бір біріне сәйкес келмейді. Ескі қоғам ыдырап, адам өмірінің тууы, бұл бұрын-соңды болған жағдай емес, жаңадан туған өмірдің ағымы. «Адам коғам үшін бе, алде қоғам адам үшін бе» деген жағдайда осы уақытқа шейін сыры ашылмаған үлкен мән жатыр. Сондықтан бұл екеуін бір бірінен айырып алып қарай алмайтын болсақ, онда біз өзіміздің кім екенімізді де және жер бетінде не үшін тіршілік етіп жүргенімізді де ешқашан түсінбейтін боламыз.
Адам мен қоғам арасындағы наразылық олардың бір біріне қарама-қарсылығын көрсетіп, адам өмірінің солардың арасындағы қайшылықтары арқылы дамитынын білдіреді. Бұл адамның санасы мен еркінен тыс болып жатқан жағдай. Дәл қазіргі біздің өмір сүріп отырған кезеңімізде бұл бізге өте қажетті ұғымдар. Өйткені адам өмірі – біздін заманда жаңа-жаңа ашылып келе жатқан кезең, ал қоғам өмірі, керісінше, адам өміріне айналу барысында ескі тұрғыдан жойылып бара жатқан түсінік. Бұл дегеніміз, егер ескі қоғам ыдыраса, онда оның орнына адам өміріне негізделген, мыңдаған жылдар бойы аңсаған арман болған, жаңа қоғам шырылдап туады деген сөз. Ескі қоғамның боздауы да осыдан, ол да кезінде шырылдап туып, өлгенде жылап жылап өледі.
Бұл жерде айта кететін тағы да бір жай. Мен көп жыл Россияда тұрдым. Сол жақта оқыдым, жұмыс істедім. Университеттің философия факультетін Ленинградта бітірдім. Қазақстанға кейін, сексенінші жылдардың ішінде оралдым. Сол себептен мен сол кездегі орыс болып кеткен қазақтардың бірі болатынмын. Кейінгі кездерде университетте (КазГУ-де) сабақты қазақ тілінде жүргізіп, өз тіліме қайтып оралдым. Ал мынаны жазып отырғаным, қалың қауымға өзімнің ойларымды алғаш рет қазақ тілінде ұсынайын деген ниетім. Өмір шындықты, ақиқатты сүйеді. Осы уақытқа шейін өзімнің жазған еңбектерімді мен орыс тілінде әртурлі аттармен жарыққа шығардым. Кейінгі кезде бар ойымды бір атқа жинақтап, «Ауыр дертке шалдыққан қоғам» деген атпен қазақ тілінде кітап дайындап, 2010 жылы «Ценные бумаги» баспасынан 500 данамен шығарттым. «Куда идет человечество: в рай или ад?» – орыс тілінде ағаш рет шыққан үлкен кітаптың аты. Бұл кітап – бүкіл менің бар өмірімнің натижесі. Оның толығымен аяқталган түрі мыңнан астам бетпен жазылып бітіп, бес кітап болып, өткен, 2013 жылдың аяғында Москвада «Перо» баспасынан жарық көрді. Мұндағы менін жазып отырған ойларым, сол кітаптан алынып, қазақ тіліне аударылған туынды. Бірақ мұны аударған (дәлме-дәл аудармасын жасаған Нұрсұлу Жайлыбаева, менің жұбайым) өзім болғаннан кейін, бұл аударуға жатпай, өз алдына жазылған кітап болып шықты. Мен бұл кітапты жазайын деп те жазғам жоқ, мұны жазуды көп адамдар сұрады. Біраз адамдардың аударғандары ұнамады. Содан бел байлап өзім кірістім. Бұл кітаптың негізі 5-6 жылдың ішінде жасалынды. Онан кейін бірте бірте тереңдеп жазылды.
Мен осы жерде маған үлкен кызмет көрсеткен, оның алдында басымды иіп, тәжім ететін бір адам жайында айта кетсем деймін, өйткені ол болмаса, менің осыдан 10 жыл бұрын дайындалған ең басқы «Бізде болашақ барма?» деген, орыс тілінде шыққан еңбегім жарық көрмейтін бе еді. Ол кісі – Көпішев Әшірбек Сейілханұлы - «Өнер» баспасының бас директоры. Аласапыран кезеңінде мен он жылдан астам уақыт жұмыссыз жүрдім. Әшірбекті каңғып жүріп аяқ астынан кездестірген кезде, менін қалтамда көк тиыным да жоқ болатын. Сол кісінің арқасында сол кітабім шығып, менің өмірім де күрт өзгерді. Міне сол 10 жыл аралықтың ішінде мен жоғарыдағы айтқан кітаптарды да жазып үлгіріп, жарыққа да шығардым. Жер бетінде жақсы адамдардың бары – адамшылықтың барын көрсетеді. Өмірдің өзгеріп, қазіргі ақша қоғамының және пайда көздеу қарым-қатнастарының адам қоғамына ауысатынына адамгершіліктің дамуы ғана кепіл бола алады. Осыны дәлелдейтін тағы бір жағдай – Валентина Петровна Печуева, «Ценные бумаги» баспасының бастығы, менің кейінгі жеті жылдың ішіндегі редакторым. Ол кісіге де мен ризалығымды айтып, маған істеген жақсылыктарын ешқашан да ұмытпайтынымды айтқым келеді.
Осыдан алты-жеті жыл бұрын Қазақстанның халқы көркейеді деген сенім бой көтерген. Одан бері елдің әл-ауқаты расында да жөнделіп, әркімнің жағдайының түзелгені шындыққа айналды. Мұны Қазақстанның іштен және сырттан туған көре алмайтын дұшпандары ғана мойындағылары келмеді. Қазақ халқы алғы шепке де ұмтылатын қалге жетті. Қазақ халқында бұрын-соңды болмаған рухани күш, сенім пайда болды. Ол әлем денгейінде ойланатын қалге көтерілді. Әлемдік қозғалысты танып, алғаш рет ондағы өз орнын да ойластырды. Бұл қазақ халқы үшін үлкен жетістік болып, оны әлем деңгейінде таныта бастады. Сонымен қатар дағдарыстың да үрдістері бой көтеріп, көптеген күтпеген мәселелер туғызуда. Оның үстіне әлемдік дағдарыс бой көрсетіп, көптеген дамыған елдерді сілкіндіруде. Ал осының бәрінде қандай сыр жатыр? Неге осының бәрі тура технология дамып, қоғам өндірісінің нағыз кемелденген кезеңінде басталды? Неге адамзат осы уақытқа шейін техниканың бар жетістіктерін өз игілігіне толығымен пайдалана алмай, молшылықта «жекешелендіруге» ұрынып, жоқшылықтың киыншылыктары өрбуде, кедейшіліктің зардабы өсуде?
Біздің коғам шалдыққан дерт пен адамдар шалдығатын сырқаттар – бір түсінік емес. Бізді түптамырымызбен жоюға ұмтылған дерт – ақпарат қоғамында бізді бүтіндей жайлаған надандық пен қараңғылық.
Міне мен мұнда осы сұрақтардың бәріне барынша нақтылы жауаптар беріп, болып жатқан жағдайларға өз көзқарасымды айтам.
Комментарии