Болашақтан келген адамның ой-толғ ауы
На модерации
Отложенный
Осындай атпен толығымен жазылып болып, "Өнер" баспасында менің кітабым 315 бетпен жарыққа шығуға дайындалуда. Бұл жерге мен одан алыған үзінділерін жариялап отырмын.
Бұл кітаптын авторы – Қорғамбаев Жарасбек Нүргелдіұлы, болашаққа арналған бірнеше ғылыми еңбектердің авторы. Ол Қазақстандағы ғылым әлеміне жаңа көзқарастарымен кеңінен танымал философ. Бұл философтың көзқарасының галамтор арқылы әлемге тарағанына үш жылдан астам уақыт өтті. Қазақ тілінде бұл философтың кітаптары бірнеше рет шыққан, ал толығымен алғаш рет осы жолы шығып тұр. Кітап жәй, қарапайым тілмен, өте қызықты жазылған. Қорғамбаев Ж.Н. күрделі және өте қиын философиялық мәселелерді жәй, қарапайым тілмен түсіндірген. Бұл кітап казіргі шиеленіскен өмірді танып білем деп, талаптанған әр адамға, әр оқырманға арналған.
Бұл әркімді де ойландырып, жандүниесін қозғайтын, іште жасырынған рух өмірін тебірентетін кітап. Қазіргі кезендегі дағдарысқа және өмірдің келешекке барысына байланысты бұрын-соңды қаралмаған қызықты ойлар бұлтартпайтын дәлелдер арқылы айтылған. Оның ішінде адам дамуының қайшылықтары мен адамның азғындауының түпкілікті себептері ашылып көрсетілген. Қоғамбаев Ж.Н. дінге де көңіл бөлген, мемлекеттің қазіргі кезеңдегі қызметін жан-жақты қарастырып, оның жақын арадағы қоғам өміріндегі алатын орнын дәл белгілеген. Автор өмірді адам тұрғысынан қарастырады. Оны адамдар арасындағы адамдық қарым-қатынастар қызықтырады. Қазіргі кезенде шексіз билік құрып тұрған пайда көзқарасы уақытша ғана кезеңді қамтып, түбінде адамдық қарым-қатынасқа айналады. Автор әркімді осыған сендіреді. Бұл кітаптың қазіргі өмірде әркімге дұрыс жолды табуға көмектесетініне автор күмәнданбайды. Бұл кітап философтарға және арнайы білімі бар адамдарға да өте пайдалы.
Комментарии